Accessibility links

Ұшақты басып алған қазақстандықтың ұсталуы заңды деп табылды


"Домодедово" әуежайында ұшақты басып алған Қазақстан азаматы Магомед Патиевті қамауға алу жөніндегі шешімді бүгін Мәскеу соты заңды деп таныды.

Осы тұрғыда сот Патиевтің адвокаты берген шағым-арызын кері қайтарды. Адвокаттың пікірінше, тергеу Патиевті қамауға алуға болатындай оның қашуға тырысқан немесе ұшақтағыларға қысым жасағаны жайлы мәліметтер ұсынбады. Өз кезегінде, прокуратура өкілі қамауға алу шешімі заңды екенін айтқан.

Шілденің 29-ы күні Патиев 133 жолаушысы бар ұшақты екі сағаттай заңсыз ұстап, кейін құқық қорғау органдарына берілген еді.
XS
SM
MD
LG