Accessibility links

Ашхабад: Түркіменбашының алтын мүсіні бұзылды


Ашхабадта Түркіменстанның бұрынғы диктаторы Сапармұрад Ниязовтың алтын жалатылған мүсіні тұғырынан түсірілді.

Ескерткіш 25 тамыз күні бұзылып, бүгін жұмысшылар оның тұғырын бұзуға кірісті.

Түркіменбашының алтын ескерткіші Ашхабадтың орталығындағы президент сарайының жанында «Бейтараптылық аркасының» қақ төбесіне орналасқан болатын және ол күннің бағытымен айналып тұратын.

Өзін барлық түркіменнің атасы – Ұлы Түркіменбашы деп атап келген С.Ниязов 2006 жылы аяқастынан қайтыс болды. Ол елге 20 жылдай үстемдік етті.
XS
SM
MD
LG