Accessibility links

Флорида шіркеуі Құранды өртеуді әзірге кейінге қалдырды


АҚШ-тың Флорида штатындағы христиан шіркеуінің жетекшісі өздерінің сенбі күні 11-ші қыркүйек шабуылдарының 9 жылдығына байланысты Құранның көшірмелерін өртеу жоспарын кейінге қалдырғанын қадап айтты.

Гейнсвилдегі 50 шақты мүшесі ғана бар шіркеу священигі Терри Джоунс бейсенбі күнгі мәлімдемесінде Құранды өрттеу жоспарын орындамайтынын айтқан еді.

Ол мұндай шешімге келуіне Нью-Йорктегі шабуылдар нысанына айналған Дүниежүзілік сауда орталығының маңында мұсылмандар орталығын салуды ұсынған жоба жетекшісінің жоспарын өзгертіп, діни орталықты басқа жерден салуға келіскені себеп болған деп айтты.

Бірақ Нью-Йорк имамы Фейсал Абдул Рауф соңғы кездері "Құранды өртеймін" деп танымал болған пастер Терри Джоунспен арада қандай да бір келісімнің болғанын растамай отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG