Accessibility links

Қырғызстанда этникалық өзбектің соты жалғасты


Қырғызстан оңтүстігіндегі қақтығыс кезінде полиция қызметкерін өлтірді деген айып тағылған этникалық өзбектер - Азимжан Асқаров пен тағы жеті адамның соты сәрсенбі күні жалғасын тапты.

Айыпталушыларға куәлік жасауға соңғы мүмкіндік берілді. Құқық қорғаушы белсенді Азимжан Асқаров өзіне тағылған айыпты мойындамады.

Қалған екеуі айыпты мойындарына алып, олардың бірі Минура Мамадалиева кішкентай баласына байланысты соттан рахымшылық сұраған.

Прокурорлар Асқаровқа өмірлік түрме жазасын беруді сұраған. Human Rights Watch ұйымы қырғыз билігінен Асқаров пен басқа да этникалық өзбектердің сотын ашық әрі әділ өткізуді талап еткен еді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG