Accessibility links

АҚШ қорғаныс министрі Ауғанстанда алғабасу бар деді


АҚШ қорғаныс министрі Роберт Гейтс Ауғанстан соғысындағы АҚШ стратегиясы жұмыс істей бастаған сияқты дей келе, жасалған прогрестерге оптимизммен қарады. Американың қосымша 30 мың жасағы Ауғанстанға орналасты деді ол. Гейтстің айтуынша, Ауғанстандағы АҚШ пен НАТО қолбасшысы генерал Дэвид Петреус әскери операциялар дұрыс бағытта деген.

Бейсенбі күні Вашингтонда Франция қорғаныс министрімен бірлесіп өткізген баспасөз мәслихатында Гейтс үмітті күшейтетін бір жағдай – ол келесі жылы елдің қауіпсіздігіне жауапкершілікті алатын ауғандық қауіпсіздік күштерінің саны мен сапасы өсті деп айтты.

Сонымен қоса, Пентагон басшысы талибан бүлікшілеріне қарсы соғыс әлі де қарқынды жүріп жатқанын, олармен қақтығыста батыстың жас сарбаздары мерт болып жатқанын да айтып өтті.
XS
SM
MD
LG