Accessibility links

Әлем жетекшілері кедейлікпен күрес жолдарын қарастырады


Бүгін Нью-Йорктегі БҰҰ-на жиналған әлем жетекшілері кедейлікпен күрестің жаңа жолдарын қарастыратын болады.

140-тан аса мемлекеттің басшылары жиналған үшкүндік саммит Мыңжылдықтың даму мақсаттарындағы 2015 жылға дейінгі жаңа стратегияларды талқыламақшы. БҰҰ 10 жыл бұрын жариялаған Мыңжылдықтың даму бағдарламасына кедейлікті жою, балалар өлімін азайту, білім беруді күшейту мен СПИД дертінің таралуына жол бермеу мәселелері енген еді.

БҰҰ-ның ресмилері 2015 жылға дейін бес жыл ғана қалды деп, алға қойылған мақсаттарға жету қиын болуы мүмкін дейді. Ғаламдық қаржы дағдарысы мен экономикалық қиындықтардан бай елдердің кедей елдерге бөлетін қаржысы азайып, прогрестер болмай қалған.

АҚШ президенті Барак Обама бұл саммиттің соңғы күнінде сөз сөйлемекші.
XS
SM
MD
LG