Accessibility links

Франция Еурокомиссияның ескертуіне жауап қайтарды


Франция Еуродақтың басқа елдері азаматтарының ел аумағына кіруі мен тұруына қатысты кейбір заңнамалық ережелерді қайта қарауға әзір екендіктерін мәлімдеген.

Еурокомиссияның Францияның біраз бұрын мыңға жуық цығанды ел аумағынан мәжбүрлі түрде шығарғанына ескерту жасап, жауап қайтаруды талап еткен мерзімі сенбіге қараған түні аяқталған болатын.

Еурокомиссия өкілі Мэтью Ньюман құжаттар осы жексенбі күндері қаралады деді, олардың мазмұны әзірге жарияланбады.

Брюссель Франция билігінің қылмысқа және заңсыз миграцияға қарсы шаралардың қажеттігін алға тартқан әрекетіне қатты алаңдаған болатын.
XS
SM
MD
LG