Accessibility links

Байқоңырдан «Прогресс М-08М» жүк кемесі ұшырылды


Бүгін түнде «Байқоңыр» ғарыш айлағының Гагариндік ұшу алаңынан «Прогресс М-08М» жүк кемесі орнатылған «Союз-У» зымыраны сәтті ұшырылды.

«Ресейғарыш» агенттігінің хабарлауынша, зымырантасымалдағыштың үшінші сатысы штаттық режимде ажырағаннан кейін, «Прогресс М-08М» жүк кемесі Жердің жасанды серігінің орбитасына шығарылған.

Бағдарламасына сәйкес «Прогресс» стансаға 2,5 тоннадан астам жүк, атап айтқанда отын, ғылыми және борт жабдықтарын, азық-түліктер, экипаж үшін ауа мен су, басқа да материалдар жеткізеді.
XS
SM
MD
LG