Accessibility links

Аргентина бір аптаға футболдан бас тартып отыр


Аргентинада елдің экс-президенті Нестор Киршнердің қазасына байланысты осы аптада ешқандай футбол ойындары өтпейді.

60 жастағы Нестор Киршнер сәрсенбі күні таңертең Калафате қаласындағы өз үйінде инфаркттан көз жұмды.

Әлем жетекшілері Нестор Киршнердің әйелі - Аргентинаның қазіргі президенті Кристине Фернандес де Киршнерге көңіл айтып, хат жіберіп жатыр. Венесуэла басшысы Уго Чавес қазаға байланысты өз елінде аза тұту күндерін жариялады.

Нестор Киршнер Аргентинаны 2003-2007 жылдары басқарған. Оның басты жетістігі - осы онжылдықтың басында болған дағдарыстан кейін ел экономикасын тұрақтандырғандығы болып табылады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG