Accessibility links

Мәскеу: Грузияның мәлімдемесі «арандатушылық»


Грузияның ішкі істер министрлігі Ресейдің пайдасына тыңшылық етті деген күдікпен ел аумағында ұсталғандар туралы ақпаратты жариялады. Олардың аты-жөндерін хабарлады.

Жұма күні Тбилисиде өткізген брифингінде министрліктің қарсы барлау департаменті директорының орынбасары Отар Орджоникидзе хабарлағандай, 13 кісі тұтқындалды, олардың тоғызы грузин азаматтары, қалған төртеуі – ресейліктер.

Ресейдің сыртқы істер министрлігі Грузияның бұл мәлімдемесін арандатушылық деп бағалады. Мәскеу Ресейдің барлау қызметіне ұсталғандардың ешқандай қатысы жоқтығын айтады.
XS
SM
MD
LG