Accessibility links

«Халыққа баспана қалдырайық!» қозғалысы мүшелерін полиция алып кетті


Алматыда «Халыққа баспана қалдырайық!» қозғалысының бірнеше мүшесін полиция алып кетті, бұл туралы телефон арқылы Азаттық тілшісі хабарлады.

Оның сөзінше, қаладағы Абылай хан көшесінің бойымен шеру өткізбек болған сәтте қозғалыс жетекшісі Есенбек Өктешбаев пен тағы бірнеше белсендіні полиция алып кеткен.

Бүгін таңертең Алматыдағы Алмалы аудандық әкімдігінің алдында «Халыққа баспана қалдырайық!» қозғалысының жүзге шақты мүшесі жиналып, Астанадағы ЕҚЫҰ саммитіне қатысушыларға үндеу жолдады. Онда олар елдегі баспана мәселесінің әлі күнге дейін шешілмей келе жатқандығын хабарлаған.
XS
SM
MD
LG