Accessibility links

Ауғанстанда 2 НАТО сарбазы мерт болды


НАТО-ның мәлімдеуінше, Ауғанстанда жол бойына қойылған бомба жарылысынан альянстың екі әскері қаза тапты.

Оның бірі сәрсенбі күні елдің оңтүстігіндегі бомбаға түсіп мерт болса, екіншісі бейсенбі күні осындай жарылыс құрбаны болды. НАТО ресмилері ол әскерилердің қай елден екенін жариялаған жоқ.

Осы жылы Ауғанстанда қаза тапқан шетелдік әскерлер саны 670-тен асты. Бұл 2001 жылғы талибан режимі құлағаннан бергі ең қанды жыл болып отыр. Ауғанстандағы НАТО құрамында 1500-ден аса халықаралық күштер қызмет етіп жатыр.
XS
SM
MD
LG