Accessibility links

Берлускони үкімет басынан түспеуге жан салды


Дүйсенбі күні Италияның премьер-министрі Сильвио Берлускони экономикалық дағдарыс кезінде өзін үкімет басынан түсіру «саяси бассыздық» деп мәлімдеді.

Үкіметке сенімсіздік білдіру мәселесі бойынша дауыс берудің қарсаңында Берлускони Сенат мүшелеріне қарай қайрылды. Дауыс беру сейсенбіге жоспарланған.

Сенімсіздік мәселесі бойынша Италия парламентінің қос палатасында да өтетін дауыс беру Берлусконидің жақын одақтасы болып табылатын Джанфранко Фини бастаған оңшыл-центристік коалициямен жігін айыруынан кейін тағайындалып отыр.

Қазіргі үкіметке сенімсіздік жарияланса, онда жаңа үкімет жасақтау немесе жаңа парламент сайлауын өткізу қажет болады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG