Accessibility links

Иранда мешіт маңында жарылыс болды


Иран бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, сәрсенбі күні елдің оңтүстік-шығысындағы мешіттің маңында болған жарылыстан бірнеше адам қаза тауып, ондаған кісі жараланды.

Пәкістан шекарасына жақын жердегі Систан-Белуджистан өлкесінің Чахбакар қаласындағы «Имам Хуссейн» мешітінің алдындағы жарылысты жанкешті жүзеге асырған болуы мүмкін делінеді. Ирандық «Қызыл ай қоғамы» ресми өкілінің мәлімдеуінше, бұл шабуылдан кемінде 15 адам мерт болып, ондаған адам жарақаттанған. Ішкі істер министрлігі жарылыстан нақты қанша адамның қаза болғанын әлі растамады.
XS
SM
MD
LG