Accessibility links

Ирақ астанасында генерал оққа ұшты


Бағдадта қаруланған адамдар Ирақ армиясының генералын атып өлтіріп, оның қызын жаралады. Қорғаныс және ішкі істер министрліктерінің хабарлауынша, Бағдадтың Мансур ауданында генерал Имад Хашамға шабуыл жасалған. Хашам Ирақ армиясының алтыншы бөлімін басқарған.

Сәрсенбіден бейсенбіге қараған түні Бағдадтың Амирия ауданында подполковник Мажид Хамид те жарақат алды. Оны да қарулы адамдар атып кеткен.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG