Accessibility links

АҚШ елшілігі Конституцияны бұзбауға шақырды


«Қазір талқыланып жатқан «референдум туралы мәселеге» қатысты ерекше немесе жеке бас мүддесі бар адамдар Қазақстан Республикасының Конституциясын бұзатын, одан да маңыздысы Нұрсұлтан Әбішұлының тарихи еңбегін жоққа шығаратын асығыс шешім қабылдамаса екен дегенді айтамыз» делінген АҚШ елшілігі таратқан құжатта.

Қазақстан Республикасының Конституциясына референдум өткізуге байланысты өзгеріс енгізу туралы заңды ел президентінің мақұлдамай қойғанына ризашылық білдірген дипломатиялық өкілдік «Қазақстан парламенті 80 пайыз дауыс жинаса, президент Назарбаевтың ветосы еленбеуі мүмкін» деген қаупін де айтады.

«Америкалық елшілік Қазақстанның ішкі саяси ісіне араласқысы келмейтінін – араласа да алмайтынын» баса айтқан өкілдік бұл жағдайдың халықаралық маңызды салдары болуы мүмкін екендігін де еске салады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG