Accessibility links

Орталық сайлау комиссиясы 5 миллион қолды тексеріп шыққанын хабарлады


Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік өкілетін 2020 жылға дейін ұзарту жөніндегі референдум өткізу мәселесін көтерген бастамашыл топ жинап тапсырған бес миллионнан астам қолды тексеріп шыққанын хабарлады. Бұл туралы бүгін Астанада ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлімдеді.

Орталық сайлау комиссиясы бұл туралы қаңтардың 13-і күні тиісті қаулы қабылдады.

ОСК мәліметі бойынша, референдум өткізуді қолдаған 5 миллион 16 мың адамның, яғни елдегі барлық сайлаушылардың 55,2 пайызының қолы тексеріліп, жарамды деп танылған. Ал одан басқа 194 мың қол жарамсыз болып шықққан.
XS
SM
MD
LG