Accessibility links

Иран жаңа газ кенішін тапты


Иран қоры 50 млд доллар болатын жаңа газ кенішін тапқанын мәлімдеді.

Мұнай министрі Масуд Мирказеми жексенбі күні журналистерге хабарлағанында, Парсы шығанағындағы 260 миллиард текше метр газы бар Хаям кенішінің 210 миллиарды пайдаланылады деді.

ОПЕК-тегі шикі мұнай экспорттаушы екінші ел болып отырған Иран әлемде Ресейден кейін газ қоры ең үлкен мемлекет.
XS
SM
MD
LG