Accessibility links

Ху Цзиньтао: Қытай «қару-жарақ жарысына» түспейді


Вашингтонда АҚШ бизнесмендерімен кездескен Қытай басшысы Ху Цзиньтао өз елінің «қару-жарақ жарысына» түспейтінін және әлемдік үстемдікке ұмтылмайтынын мәлімдеді.

«Қытайдың экономикалық дамуы АҚШ және өзге де әлемдік державалардан оң бағасын алуы тиіс» екенін атап өткен Қытай жетекшісі сонымен бірге «Тайвань мен Тибет мәселесінде Қытайдың ұстанымын АҚШ құрметтеуі керек» деген.


Бизнесмендерге дейін Ху Цзиньтао кездескен АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасы және Сенат мүшелері оған Қытайда адам құқықтарының бұзылып отырғанын айтып алаңдаушылық білдірген еді.

XS
SM
MD
LG