Accessibility links

Доку Умаров Солтүстік Кавказға қатысты Ресейге ескерту жасады


Жікшіл шешендер жетекшісі Доку Умаров интернетте жарияланған жаңа видеосы арқылы Ресейге ескерту жасаған. Онда Умаров Ресей Солтүстік Кавказ аймағынан күштерін әкетпесе, Ресейдің тағы бір жылы қан мен жасқа толы болады деді.

Бұл видео жазба жұма күні исламшылдардың kavkazcenter.com сайтында жарық көрген. Бірақ онда Умаров өткен айда 36 адамның өмірін әкеткен Мәскеу әуежайындағы жарылыс туралы ештеңе демеген.

46 жастағы Умаров Шешенстанның Ресейден тәуелсіз болғанын көздеп, елдің шариғат заңымен басқарылғанын қалайды. Оның жақтастары осыған дейін бірнеше қанды шабуылдарға жауапкершілікті алған.

Ресей 1990 жылдарда Шешенстандағы жікшіл бүлікшілерге қарсы екі соғыс жүргізді. Бірақ соңғы кезде бұл аймақта қақтығыс күшейіп барады.
XS
SM
MD
LG