Accessibility links

Иранда шерушілердің полициямен қақтығысы кезінде бір кісі қаза тапты


Дүйсенбі күні Тегеранда оппозицияшыл шерушілер мен полиция қақтығысынан бір адам көз жұмып, бірнеше кісі жараланған.

Иран оппозициясының сайттарына шыққан ақпаратта шеруге шыққандарға мотоциклге мініп келген белгісіз адамдардың оқ атқаны айтылған. Ал Иран билігі "шерушілерге қарсы оқ атып, әдейі арандату жасады" деп, елде қызметіне тыйым салынған топты айыптап отыр.

Биліктің тыйым салғанына қарамастан, дүйсенбіде Иран астанасында Египет пен Тунистегі наразылықты қолдаған жүздеген адам көшеге шықты. Полиция шерушілерді күштеп тарату үшін аспанға мылтық атып, көзден жас ағызатын газ қолданған, ондаған кісіні ұстап әкеткен.
XS
SM
MD
LG