Accessibility links

Кот-д’Ивуарда тоғыз газет жабылатынын мәлімдеді


Кот-д’Ивуарда шығатын тоғыз газет президент Лоран Гбагбоның жақтаушылары тарапынан жасалып жатқан қысымға наразылық ретінде жабылатындарын мәлімдеді.

Бұлардың кейбірі - тәуелсіз басылымдар, қалғандары - былтырғы президент сайлауына оппозициядан түскен негізгі үміткер Алассан Уаттараны қолдайтын газеттер. Журналистер өздерін Гбагбоның жақтастары екі ай бойы қорқытып-үркітіп келе жатқандарын айтады.

«Шекарасыз тілшілер» халықаралық ұйымы Кот-д’Ивуар журналистерінің жағдайына алаңдаушылық білдірді.

Кот д’Ивуарды ұзақ жылдар басқарып келген Лоран Гбагбо былтыр қарашада өткен президенттік сайлаудағы жеңілісінен кейін де биліктен кетпей отыр. Ол сайлауда оппозициялық кандидат Аллан Уаттараның жеңісін халықаралық қауымдастық мойындаған болатын.

БҰҰ Африкадағы бұл елде Гбагбо мен Уаттараны қолдаушылар арасындағы жанжалдың соңы азаматтық соғысқа ұласып кету қаупі барын ескертіп отыр.
XS
SM
MD
LG