Accessibility links

Ертісбаев Рахат Әлиевтің ақпаратын жоққа шығарды


Қазақстан президентінің кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев қуғындағы Рахат Әлиевтің "Астана Қытайға жалға 1 миллион гектар жер беруге келісті" деген ақпараты өтірік деп мәлімдеді. Бұл туралы ол «Экспресс-К» газетіне берген сұқбатында айтқан.

Ертісбаевтың пікірінше, шындыққа жанаспайтын бұл ақпарат наразы жұртты көшеге шығару үшін таратылып отыр. Қазақстан мен Қытайдың мемлекеттік органдары мұндай "өтірік пен мағынасыздыққа" орай пікір білдірмейді деді Ертісбаев. Алайда президент кеңесшісі "егер қарсыластарымыздың бірі шашыраңқы наразылық шарасын ұйымдастыруға әрекет етсе, ол заң бойынша қатаң жауап береді" деп ескертті.
XS
SM
MD
LG