Accessibility links

Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизавета Ирландияда жүр


Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизавета. Дублин, Ирландия, 17 мамыр 2011 ж.
Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизавета. Дублин, Ирландия, 17 мамыр 2011 ж.
Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизавета жұбайы принц Филиппен бірге Ирландияда ресми сапармен жүр.

Бүгін патшайым Дублиндегі "Кроук парк" стадионына барады. Дәл сол жерде 1920 жылы қарашада азаматтық соғыс кезінде британ әскерінің қолдауына сүйенген жергілікті қауіпсіздік күштері футбол ойынын тамашалауға келген жұртқа оқ атқан еді.

Сонымен бірге ІІ Елизавета өзінің құрметіне берілген қонақасында сөз сөйлеп, Ирландия премьер-министрі Энда Кеннимен кездеседі.

Кеше британ патшайымы Ирландия тәуелсіздігі үшін күрескендерге Дублинде орнатылған ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

ІІ Елизавета Ирландия тәуелсіздік алған 1921 жылдан бері осы елге келген алғашқы британ тақ иесі болып отыр. Патшайымның төрт күндік ресми сапары ұзақ жылдар араз болып келген Ұлыбритания мен Ирландияның бір-бірімен жақындасуының нышаны ретінде қарастырылып отыр.
XS
SM
MD
LG