Accessibility links

Қазақстанда дін істері агенттігі құрылды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Қазақстанда дін істері агенттігі құрылды. Бұл туралы сенбі күні ресми бұқаралық ақпарат құралдары хабарлады.

Мамырдың 18-де қол қойылған президент жарлығына сәйкес, мәдениет министрлігінің діни істер комитеті таратылады.

"Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігін бөліп шығару жолымен, оған конфессияаралық келісім, азаматтардың діни сенім бостандығына қатысты құқықтарын қамтамасыз ету және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл саласындағы функциялар мен өкілеттіктерді бере отырып, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі қайта ұйымдастырылсын", - деп жазылған жарлықта.
XS
SM
MD
LG