Accessibility links

Прокуратура: Мүбәрәктің хал-жағдайы оны түрмеге ауыстырғанды көтермейді


Египеттің бұрынғы президенті Хосни Мүбәрәк.

Египеттің бұрынғы президенті Хосни Мүбәрәк.

Египеттің бұрынғы президенті Хосни Мүбәрәктің денсаулығы оны Шарм-аш-Шейх ауруханасынан түрмеге ауыстырғанды көтермейді деп мәлімдеді Египеттің мемлекеттік прокуроры.

Прокурордың айтуынша, қан айналымының бұзылуы мен қан қысымы салдарынан ауық-ауық есінен танып қала беретін, денсаулығы өте әлсіреп қалған Мүбәрәктің көңілі жабырқау.

83 жастағы Хосни Мүбәрәк сәуірдің 13-і күні тергеушіге шақырылып, жауап беріп отырғанда жүрегі ауырып, содан бері ауруханада жатыр. Тергеу ол билікте отырғанда үкіметке қарсы наразылық шеруіне шыққандарды күштеп тарату кезінде мерт болғандардың қазасы бойынша қозғалған іске қатысты жүргізілген еді. Сонымен бірге қазір Мүбәрәкқа жемқорлық қылмысына қатысты айып тағылған.

Египетті отыз жылға уақыт үздіксіз басқарған президент Хосни Мүбәрәк елде былтырғы жыл соңынан бері үздіксіз жалғасқан халық наразылығынан соң биыл ақпанның 11-і күні биліктен кетуге мәжбүр болды.
XS
SM
MD
LG