Accessibility links

БҰҰ бас хатшысы Сирия мен Израильді сабырға шақырды


БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун.
БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун.
Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Пан Ги Мун Израиль мен Сирияны сабырға шақырып мәлімдеме жасады.

Пан Ги Мун «күш қолдануды және зорлық-зомбылық туғызатын барлық іс-әрекеттерді» айыптады.

Сирия жағы Голан жотасындағы Израильдің шекара аймағына жексенбі күні наразылық талаптарын айтып барғандарға «израильдік әскерилер оқ жаудырып, 23 адамды атып өлтірді, үш жүзден астамын жаралады» деп мәлімдеді. Ал Израиль қаза болғандар туралы ақпаратты жоққа шығарады.

Тель-Авив өз шекара бағандарына жеткен палестинашыл белсенділер шабуылын тойтару мақсатында израиль күші оқ атуға мәжбүр болғанын мәлімдеп, жексенбі күнгі қақтығыстар үшін Сирия билігіне кінә артты.

«Голан жотасында өзіміз көргендей, шекарадан күшпен өтіп, Израиль аумағына заңсыз кірмек болған әрекеттер - әдейі жасалған арандатушылық. Сирия режимінің үнсіз қолдауы болмаса, бұндай әрекеттер жасалмайды» деді Израиль үкіметінің өкілі Марк Регев.

Израиль «президент Башар әл-Асадтың режимі сириялық оппозицияға қарсы биліктің жүргізіп жатқан репрессиялық саясатынан әлем қауымдастығының назарын бұруды ниет етіп, әлгіндей арандатуға барғандардың қолтығына су бүркеді» деп санайды.
XS
SM
MD
LG