Accessibility links

Ахмадинежадтың Арменияға сапары кейінге қалды


Солдан оңға: Армения президенті Серж Сарксян мен Иран президенті Махмуд Ахмадинежад. Тегеран, 13 сәуір 2009 жыл.
Солдан оңға: Армения президенті Серж Сарксян мен Иран президенті Махмуд Ахмадинежад. Тегеран, 13 сәуір 2009 жыл.
Иран президенті Махмуд Ахмадинежадтың Армения астанасына бүгінге жоспарлаған сапары кейінге қалғанын Тегеран мен Ереван растағанымен, оған не себеп болғанын және сапар қай кезге қалғанын ашып айтпады.

Бұған дейінгі жоспар бойынша Иран президенті Ахмадинежад Ереванда Арменияның жоғары лауазымды адамдарымен, солардың арасында Армения президенті Серж Сарксянмен кездесіп, екіжақты қарым-қатынастарды жақсарту және сауданы дамыту жайын талқылауы тиіс еді.

Иран Арменияға негізінен табиғи газ экспорттап, Армениядан электр қуатын сатып алады.

Ахмадинежад соңғы рет Арменияға 2007 жылы келген. Армения президенті биыл наурыздың соңында Тегеранда болып, наурыз мерекесіне қатысқан.
XS
SM
MD
LG