Accessibility links

«Қорғас» кеденіндегі контрабандаға қатысты күдіктілер Қазақстанға экстрадицияланды


Абу-Даби қаласындағы қонақ үй. Біріккен Араб Әмірліктері. 27 қараша 2007 жыл. (Көрнекі сурет)
Абу-Даби қаласындағы қонақ үй. Біріккен Араб Әмірліктері. 27 қараша 2007 жыл. (Көрнекі сурет)
Маусымның 11-і күні «Қорғас» кеденіндегі контрабандаға қатысты күдіктілер Талғат Қайырбаев пен Бақыт Отарбаев Біріккен Араб Әмірліктерінен Қазақстанға экстрадицияланды деп хабарлады бүгін Қазақстан қаржы полициясының баспасөз қызметі.

Қазір күдіктілерге қарсы тергеу амалдары жүріп жатыр.

Мамыр айының басында Қазақстан қаржы полициясы лауазымды қызметкерлер мен қылмыс әлемінің өкілдерінен құрылған топтың әшкереленгені туралы мәлімдеген еді. Құқық орындарының деректері бойынша, 100 адамнан құралған топ ұзақ уақыт бойы «Қорғас» және «Қалжат» кедендері арқылы Қытайдан Қазақстанға контрабандалық тауарлар жеткізумен айналысқан.

Осы іс бойынша қаржы полициясы бірнеше лауазымды адамдарды тұтқындады. Сонымен бірге Қазақстан қаржы министрлігі кедендік бақылау комитетінің төрағасы Қозы-Көрпеш Кәрібозов қызметінен алынды.
XS
SM
MD
LG