Accessibility links

Таулы-Қарабақ келіссөздерінен соң Ереван мен Баку бірін-бірі айыптады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Армения мен Әзербайжан елдерінің жетекшілері Таулы-Қарабақ қақтығысын реттеу келіссөздерін сәтсіз аяқтаған соі, екі ел бірін-бірі айыптады.

Жұма күні Армения президенті Серж Саргсян мен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Ресейдің арағайындығымен Қазан қаласында келіссөздер өткізген болатын.

Келіссөздер нәтижесіз аяқталып, көптен күтілген мәселелер шешімін таппады. Армения сыртқы істер министрі Эдуард Налбандян «Баку ұзақтан талқыланып келе жатқан құжатқа 10 өзгеріс енгізуге шақырып, келіссөздерді бұзды» деді.

Әзербайжан сыртқы істер министрі Эльмар Маммадияровтың айтуынша, Армения «талаптарды тағы тым көп кері қайтарып, келіссөздерді бұзған».

XS
SM
MD
LG