Accessibility links

Түркімен билігі Ресей бұқаралық ақпарат құралдарын сынады


Абадандағы жарылыстан қираған үй.
Абадандағы жарылыстан қираған үй.
Түркіменстан үкіметі Ресей бұқаралық ақпарат құралдарының Абадандағы жарылысты қамтуын сынады.

Түркіменстан сыртқы істер министрлігінің айтуынша, Ресейлік телеарна «адамдарды адастыратын және дұрыс емес хабарлар» таратқан. Түркімен билігінің айтуынша, осы аптада Абадан қаласындағы отшашу қоймасы жарылған, бірақ ешкім қаза болмаған.

Көптеген бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, куәгерлер бейсенбі күнгі жарылыс қару-жарақ қоймасында болды деген. Куәгерлердің айтуынша, қойма төңірегіндегі үйлер зардап шеккен. Жарылыс бірнеше сағатқа жалғасып, тұрғындарды эвакуациялауға тура келген.

Абадан қаласы ел астанасы Ашғабадтан батысқа қарай 20 шақырым қашықтықта орналасқан.
XS
SM
MD
LG