Accessibility links

Қазақстан премьері хиджабқа тыйым салынбайтынын мәлімдеді


Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов.
Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов.
Қазақстанда хиджабқа тыйым салынбайды.

Бұл турасында ел премьер-министрі Кәрім Мәсімов zakon.kz сайтында болған онлайн-конференцияда мәлімдеді.

"Билік хиджабқа тыйым салмауы керек деп есептеймін. Тыйым салатын заңнамалық немесе нормативтік шараларды біз өткізбейміз",-деді ол.

Кәрім Мәсімов бір жарым сағаттық онлайн-конференция барысында басқа да сауалдарға жауап берді.
XS
SM
MD
LG