Accessibility links

Түркияда Ливия мәселесі талқыланып жатыр


АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон мен Ұлыбритания сыртқы істер министрі Уиллиям Хаг Стамбулдағы кездесуде әңгімелесіп отыр. 15 шілде 2011 жыл.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон мен Ұлыбритания сыртқы істер министрі Уиллиям Хаг Стамбулдағы кездесуде әңгімелесіп отыр. 15 шілде 2011 жыл.

Араб және Батыс елдерінің өкілдері бүгін Стамбулда ливиялық көтерілісшілердің жетекшілерімен кездесті.

"Байланыс тобы" Ливияны 41 жылдан бері басқарып келе жатқан Муаммар Каддафиді биліктен кетіру мақсатындағы әрекеттерді үйлестіру мәселесін талқылап жатыр.

Муаммар Каддафидің өзі Триполидің батысындағы шеру барысында сөйлеген сөзінде "аяғына дейін соғысатынын" айтты.

Ресей президентінің Ливиядағы өкілінің мәлімдеуінше, Каддафидің айтарлықтай уақытқа дейін соғысуға жеткілікті әскери техникасы бар.

НАТО бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен альянсқа мүше елдерді Ливиядағы науқанын күшейту үшін әскери ұшақтардың санын көбейтуге шақырды.
XS
SM
MD
LG