Accessibility links

Египетте жаңа кабинет ант қабылдайды


АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон (сол жақта) және Мұхаммед Хусейн Тантауи.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон (сол жақта) және Мұхаммед Хусейн Тантауи.
Дүйсенбі күні Египетте жаңа министрлер кабинеті ант қабылдайды. Антты қарулы күштердің жоғарғы кеңесі басшысы фельдмаршал Мұхаммед Хусейн Тантауи қабылайды. Ақпан айында Хосни Мүбәрәк отставкаға кеткеннен кейін билік Тантауидің қолына көшкен еді.

Жаңа үкімет құрамында 15 министр ауысқан. Олардың арасында сыртқы істер, қаржы, сауда және өнеркәсіп министрлері бар. Ішкі істер министрі Мансұр әл-Исауи қызметінде қалады.

Қыркүйек айында қарулы күштердің жоғарғы кеңесі парламент сайлауын өткізеді. Одан кейін президент сайлауын өткізу көзделген.
XS
SM
MD
LG