Accessibility links

Қытайда белсенді әйел тоғыз айға сотталды


Ван Лихунды жақтаушылар оған қолдау білдіріп сот ғимараты жанында тұр. Бейжің, 12 тамыз 2011 ж.
Ван Лихунды жақтаушылар оған қолдау білдіріп сот ғимараты жанында тұр. Бейжің, 12 тамыз 2011 ж.
Қытай соты белгілі белсенді әйел Ван Лихунды тоғыз айға түрмеге отырғызуға үкім шығарды.

Сот Ван Лихунды «жиын ұйымдастырып жол қозғалысына кедергі жасағаны үшін айыпты» деп тапты. Ол 2010 жылы Қытайда билікке тіл тигізген деп айыпталған үш блоггердің ісі бойынша өткен сот процесі кезінде сот ғимараты жанында наразылық шарасын ұйымдастырғаны үшін жауапқа тартылды.

Қытай белсендісінің адвокаты, жақтастары мен адам құқығын қорғаушылар билік Ван Лихунды белсенді азаматтық қызметі үшін жазалады деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG