Accessibility links

Каддафи жасағымен қақтығыста 15 адам қаза болды


Бани-Валди тұрғындары қақтығыстан қорғанып кетіп жатыр.12 қыркүйек. 2011
Бани-Валди тұрғындары қақтығыстан қорғанып кетіп жатыр.12 қыркүйек. 2011
Каддафи жақтастары Рас-Лануф қаласындағы мұнай өңдеу зауытына шабуылдап, бұл қақтығыста 15 адам қаза тапты.

Оқиға орнында болғандар "мұнай өңдеу зауытына зақым келмеді, тек қақпасы ғана бұзылды" деп хабарлады.

Бұл тұста Ливияның биліктен кетірілген жетекшісі Муаммар Каддафидің ұлдарының бірі Саадидің көрші Нигерге қашып кеткені хабарланды.

38 жастағы Саади Каддафи – Муаммар Каддафидің үшінші ұлы. Бұрын кәсіби футболмен айналысқан Саади кейін Ливия қарулы күштері бригадасын басқарған.

Бұған дейін Нигерге Каддафи билігі кезінде Ливияда жоғары лауазымды қызметте болған бірнеше адам қашып барған еді, ал Каддафидің өзі қайда екендігі әзірге белгісіз.
XS
SM
MD
LG