Accessibility links

АҚШ пен Түркия Сирия билігіне бірге қысым жасамақшы


Сирияның шығысындағы Дейр әл-Зур провинциясындағы әскери танктер. 14 маусым 2011 жыл.
Сирияның шығысындағы Дейр әл-Зур провинциясындағы әскери танктер. 14 маусым 2011 жыл.
АҚШ пен Түркия Сирияны билеп отырған Башар әл-Асадтың режимін наразылық акциясына шыққан жұртқа қарсы күш қолдануды тоқтатуға мәжбүр ету үшін бірлесе қысым жасауға келісті.

АҚШ президенті Барак Обама пен Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған сейсенбі күні Нью-Йоркте кездесті. Онда қазір БҰҰ Бас ассамблеясының кезекті сессиясы өтіп жатыр.

Бұған дейін БҰҰ Сирия президенті Башар әл-Асадты отставкаға кетуге шақырған, Түркия үкіметі Сириядан наразылық шеруіне шыққандарды өлтіруді тоқтатуды талап еткен еді.

БҰҰ-ның деректері бойынша, биыл көктемнен бері халық толқулары басылмай отырған Сирияда қауіпсіздік күштері мен полицияның қолынан 2700-дей адам қаза тапқан.
XS
SM
MD
LG