Accessibility links

БҰҰ Палестинаның өтінішін дүйсенбіде талқыламақ


Палестина автономиясының президенті Махмуд Аббас БҰҰ Бас ассамблеясының 66 сессиясына қатысып отыр. Нью- Йорк 21 қыркүйек 2011 жыл.
Палестина автономиясының президенті Махмуд Аббас БҰҰ Бас ассамблеясының 66 сессиясына қатысып отыр. Нью- Йорк 21 қыркүйек 2011 жыл.
БҰҰ палестиналықтардың осы халықаралық ұйымға қосылу жөніндегі өтінішін дүйсенбіде талқылайтынын хабарлады.

Жұма күні Палестина автономиясы президенті Махмуд Аббас БҰҰ-ға мүше болу туралы бас хатшы Пан Ги-мунға ресми түрде хат тапсырды. БҰҰ Бас ассамблеясында сөйлеген Махмуд Аббас халықаралық қауымдастықты Палестина тәуелсіздігін мойындауға шақырды.

"Осы мәлімдемені жасаудың алдында Палестина президенті әрі Палестинаны азат ету ұйымы атқару комитетінің төрағасы ретінде мен БҰҰ бас хатшысы Пан Ги-мунға 1967 жылдың 4 маусымындағы шекарасы негізінде Әл-Құддыс Әл-Шариф, яғни Иерусалим астанасымен Палестинаны БҰҰ-ның толыққанды мүшесі етіп қабылдау туралы өтініш тапсырдым", - деді Махмуд Аббас.

Осыдан кейін БҰҰ Бас ассамблеясында Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаняху сөз сөйлеп, тек тікелей келіссөз арқылы ғана бейбітшілікке қол жеткізу мүмкін деп атап көрсетті.

БҰҰ қауіпсіздік кеңесіндегі келіспеушіліктердің алдын-алу үшін Таяу Шығыс квартеті делдалдары екі жақты төрт аптаның ішінде бейбітшілік келіссөзіне оралуға шақырды. Олардың айтуынша, процесс барысында алты айда айтарлықтай алғабасушылық болып, бір жыл ішінде келісім жасалуы тиіс.

Еуропа Одағының сыртқы саясат бойынша басшысы Кэтрин Эштон, АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон, Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров және БҰҰ бас хатшысы Пан Ги-мун бірлескен мәлімдемеде жариялап, алғы шарттарсыз Израиль Палестина келіссөздерін тезарада бастауға шақырды.
XS
SM
MD
LG