Accessibility links

Ливия күштері Каддафидің туған қаласын басып алуға күш салуда


Ливия әуе күштерінің полковнигі Ахмед Бани. Триполиде баспасөз мәслихатын өткізіп тұр. 19 қыркүйек.
Ливия әуе күштерінің полковнигі Ахмед Бани. Триполиде баспасөз мәслихатын өткізіп тұр. 19 қыркүйек.
Ливияның уақытша билігінің күштері Муаммар Каддафидің туған жері Сирт қаласына бақылауды алуға тырысып жатыр.

Хабарларға қарағанда, Ұлттық өтпелі кеңес күштері қалаға орталығына кірмек болғанда, мергендер оғына тап болған.

НАТО өз ұшақтары соңғы 24 сағаттың ішінде Сирт қаласындағы бірнеше ғимаратты, оның ішінде қару-жарақ қоймасын атқылағанын айтты. Каддафи өкілі НАТО-ның әуеден берген шабуылдарын айыптап, Сирт қаласындағы жүздеген бейбіт тұрғынды өлтірді деді.
XS
SM
MD
LG