Accessibility links

Куба билігі халыққа ескі көліктерін сатуға рұқсат берді


Кубадағы автокөліктердің бірі.
Кубадағы автокөліктердің бірі.
Куба үкіметі халықтың өз меншігіндегі ескі автокөліктерін сатуға және сатып алуға рұқсат берді. Бұл туралы үкіметтің тиісті қаулысы бейсенбі күні ресми баспасөзде жарияланды.

Осы уақытқа дейін Кубада жеке адамдарға тек 1959 жылғы төңкеріске дейін шыққан автокөліктерді сату заңды болып саналатын. Ал 1990 жылға дейін шығарылған советтік автокөліктер тек кәсіпорындар арқылы таратылатын, оларды жеке азаматтардың сатуына немесе сатып алуына болмайтын.

Сол сияқты, үкімет қаулысымен шетелден артистер, спортшылар және Венесуэладан дәрігерлер әкелген ескі автокөліктер де заңдастырылды.

Алайда қарапайым азаматтарға жаңа автокөлік сатып алуға салынған тыйым бұрынғысынша күшінде қалып отыр.
XS
SM
MD
LG