Accessibility links

Еуропа Одағы Қазақстанмен газға қатысты келісім жасауды көздейді


Еуропа Одағының энергетика бойынша комиссары Гунтер Оттингер. Брюссель, 10 қараша 2010 жыл.
Еуропа Одағының энергетика бойынша комиссары Гунтер Оттингер. Брюссель, 10 қараша 2010 жыл.
Еуропа Одағы алдағы аптада энергияға бай Қазақстанмен газға қатысты келісім жасауға әрекеттенетінін хабарлады.

Еуропа Одағының энергетика бойынша комиссары Гунтер Оттингер бүгін Астанадағы форумда сөйлеген сөзінде келесі аптада өтетін келіссөз барысында екі жақтың энергетикалық ынтымақтастықты нығайту келісімін жасауға мүмкіндігі бар деп атап көрсетті.

Қазақстан ресми өкілдерінің айтуынша, жоба бойынша Қазақстан Каспий теңізі жанындағы Теңіз кен орнынан Түркіменстан мен Грузия және Әзербайжан арқылы Түркияға 20-30 миллиард текше метр газ тасымалдауды көздейді. Еуропа Одағының ресми өкілдері бұл көрсеткіштерді растаудан бас тартып, қазір нақты газ тасымалы көлемі туралы келіссөз жүріп жатқан жоқ деді.
XS
SM
MD
LG