Accessibility links

Билікті сынаған тәжік журналисі соттан өзін босатуды сұрады


Тәжік журналисі Махмадюсуф Исмоилов. Душанбе, 1 қазан 2011 жыл.
Тәжік журналисі Махмадюсуф Исмоилов. Душанбе, 1 қазан 2011 жыл.
Жергілікті билік орындарын сынап, мақала жазған тәжік журналисі өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарып, соттан өзін босатуды сұрады деп хабарлайды Азаттық радиосының тәжік қызметі.

Бүгін Худжандтағы сотта Махмадюсуф Исмоилов өз мәлімдемесін жасады. Ертең оған қатысты сот үкімі шығады. Журналистке "лауазымды тұлғаларға жала жауып, тіл тигізген, бопсалаумен айналысып, жершілдік негізіндегі өшпенділік туғызған" деген айыптар тағылған.

Прокурор "Нури Зиндаги" газетінің тілшісі Махмадюсуф Исмоиловты 16 жылға қамауды сұрады.

Осы аптада ЕҚЫҰ сөз бостандығы жөніндегі өкілі Дуня Миятович Тәжікстан билігін журналисті дереу босатуға шақырды.
XS
SM
MD
LG