Accessibility links

«Әділ сөз» ұйымы: Қазақстанда «Красное ТВ» сайты ашылмайды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
Қазақстандық «Красное ТВ» сайтына қатысты жүргізілген зерттеу нәтижесі оған тек прокси-серверлер арқылы ғана кіруге мүмкіндік барын көрсетті деп хабарлады қазақстандық сөз бостандығын қорғаушы «Әділ сөз» қоғамды қоры.

Бұған дейін Қазақстанның социалистік қозғалысы аталған сайттың қыркүйектің 30-нан бері Қазақстан аумағына еркін ашылмай тұрғаны туралы хабар таратқан еді.

Онда қазақстандық интернет доменінде 2011 жылдың сәуір айынан жұмыс істей бастаған «Красное ТВ» сайтын жабуды көздеген әрекеттер бұған дейін де болғаны айтылған. Биыл көктемде сайт толық жойылған, алайда бір айдан соң сайт жұмысы қайта жалғасқан. Бұл сайт алғашқы күнінен Маңғыстаудағы мұнайшылар ереуілі және Қазақстандағы тағы басқа маңызды оқиғалар жайлы ақпарат таратқан.
XS
SM
MD
LG