Accessibility links

Исламшыл топ Қазақстанды дін туралы заңына қатысты қорқытып отыр


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Рейтерс агенттігі бүгін хабарлағандай, "Халифат сарбаздары" деп аталған исламшыл топ қазанның 21-де араб телеарнасына видеожазбасын шығарып, Қазақстанды дін туралы заңының күшін жоюға шақырған.

Бұл туралы ақпарат агенттігі АҚШ-тың SITE барлау тобының мәліметіне сілтеме жасап хабарлады.

Ол видеода беттерін бүркемелеген қарулы 4 жауынгер Қазақстан үкіметінен жаңа қабылданған дін туралы заңның күшін жоюды талап еткен. Исламшыл топ мүшелері "бұл заңда мемлекеттік орындарда намаз оқып, орамал тағып жүруге тыйым салынған, егер бұл ұстанымдарыңыздан бас тартпасаңыздар, біз сіздерге қарсы әрекет ете бастаймыз" деген.

Сонымен қатар осыған дейін көп танылмаған радикалды топ өкілі Қазақстан билігіне қарата сөйлей, жүргізіп отырған саясаттарың Тунис, Ливия және Египеттегідей, бірақ өздерің көргендей одан тек ұтыласыңдар дей келе, ұзақтан келе жатқан диктаторларды тақтан құлатқан "Араб көктемі" көтерілістерін еске сала кеткен.

Бұл исламшыл топтың мәлімдемесі Қазақстан "діни ұйымдар мен дін істері" жөніндегі заң қабылдап, оны күшіне енгізген соң шығып отыр. Қазақстанның 16,5 миллион тұрғынының 70 пайызы мұсылман.
XS
SM
MD
LG