Accessibility links

Павлюктің өлімі бойынша сотталған Исманқұлов аштық жариялайтынын айтты


Алдаяр Исманқұлов пен оның адвокаты Светлана Мурзина. Алматы,11 қазан 2011 жыл.

Алдаяр Исманқұлов пен оның адвокаты Светлана Мурзина. Алматы,11 қазан 2011 жыл.

Бүгін қырғыз журналисі Геннадий Павлюктің өліміне кінәлі деп танылған үш адамның бірі, 17 жылға сотталған қырғыз азаматы Исманқұлов Алдаярдың адвокаты оның аштық жариялайтынын айтты.

"Сот барысында мен қылмысқа қатысым жоқ екенін дәлелдейтін бұлтартпас айғақтар келтірдім. Тергеу органдарының жалған мойындату мақсатында конституциялық құқымды және қылмыстық іс жүргізу туралы кодекстің талаптарын бұзғаны да дәлелденді. Алайда судья барлық көрсетілген фактілерді елеген жоқ" деп жазады Исманқұлов Алдаяр әкесінен беріп жіберген хатында.

Павлюктің өлімі ашылмады деп санайтын Исманқұлов ішкі істер органдарының әрекетін "көз бояушылық" деп атап, "судьялар көпе-көрінеу бұрмалаушылық жасап отыр" деп есептейді.

Ол "өзінің конституциялық құқықтары мен басқа да заңдардың өрескел бұзылғанына наразылық ретінде" аштық жариялайтынын айтады.

"Егер қайтыс болып кетсем, судья Молдағалиев пен Алматы қалалық ішкі істер департаменті әрекетіне Қазақстан қылмыстық кодексінің 102-бабы бойынша баға берулеріңізді сұраймын" дейді ол.
XS
SM
MD
LG