Accessibility links

Германия сыртқы істер министрі Түркіменстанға келді


Германияның сыртқы істер министрі Гвидо Вестервелле. Кабул. 21шілде, 2011 жыл.

Германияның сыртқы істер министрі Гвидо Вестервелле. Кабул. 21шілде, 2011 жыл.

Германияның сыртқы істер министрі Гвидо Вестервелле энергетика саласында келіссөздер жүргізу үшін Түркіменстанға келді. Ол сондай-ақ Түркіменстандағы адам құқықтары мәселелерін де талқыламақ.

Президент Құрбанғұлы Бердімұхамедов пен Гвидо Вестервелленің арасындағы негізгі әңгіме ауаны түркімен газын Еуропа нарығына шығаратын құбыр құрылысына Германияның да қатысуы төңірегінде өрбиді. 2017 жылы іске қосылатын Набукко құбыры болашақта Еуропа елдерінің Ресей газына тәуелділігін азайтады деп жоспарланып отыр.

Бердімұхамедовпен және өзге де саясаткерлермен кездескеннен кейін Вестервелле мұнай және табиғи газ өнеркәсібіне арналған конференцияға және адам құқықтары мәселелерін талқылайтын дөңгелек үстелге қатысады.

AzattyqTV

27 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG