Accessibility links

БҰҰ мен АҚШ Ауғанстандағы жарылыстарды айыптады


Кабулдегі шииттердің мешітінде жарылыс болған сәт. Ауғанстан, Кабул, 6 желтоқсан 2011 жыл.
Кабулдегі шииттердің мешітінде жарылыс болған сәт. Ауғанстан, Кабул, 6 желтоқсан 2011 жыл.
БҰҰ мен АҚШ Ауғанстандағы шииттердің діни мейрамы қарсаңында 60-қа жуық адам қаза тауып, 160-қа тарта адам жараланған жарылыстарды айыптады.

Кеше Кабулде президент резиденциясына жақын жерде шииттердің діни мейрамы - ашураны атап өту кезінде жарылыс болып, 55 адам қаза тапқан еді. Сол мезетте елдің солтүстігіндегі Мазар-и-Шариф қаласында болған жарылыстан да төрт адам қаза тапты.

Кабулдың бейбіт тұрғындарын, оның ішінде саны аз діни топқа жататын шииттерді нысанаға алған жарылыс елде Талибан билігі құлаған он жылдан бері бірінші рет болып отыр.

Пәкістанда орналасқан Лашкар-и-Джангби әл-Алами тобы екі жарылыстың да жауапкершілігін өз мойнына алды.

Жарылыстарға байланысты Ауғанстан президенті Хамид Карзайдың Ұлыбританияға сапары кейінге қалды.
XS
SM
MD
LG