Accessibility links

Бағдадтағы жарылыстардан 21 адам қаза тапты


Iraq -- Police inspect the site where a booby-Бағдадтың Садр ауданында болған бомба жарылысынан кейінгі көрініс. Ирак, Бағдад, 5 қаңтар 2012 жыл.

Iraq -- Police inspect the site where a booby-Бағдадтың Садр ауданында болған бомба жарылысынан кейінгі көрініс. Ирак, Бағдад, 5 қаңтар 2012 жыл.

Бүгін Бағдадтың шииттер тұратын аудандарында бірнеше жарылыс болып, 21 адам қаза тапты.

Бағдадтың солтүстік батысында жатқан Садр ауданында бомба салынған мотоцикл мен жолдың жиегіне жасырылған бомбаның жарылуынан тоғыз адам, Кадимия ауданында жарылғыш заты бар екі көлік жарылып 12 адам қаза тапты. Екі аудандағы жарылыстардан ондаған адам жараланған.

Жарылыстар АҚШ әскерлері Ирактан кеткеннен кейін Иракта діни сипаттағы шиеленістердің қайта тұтануы мүмкін деген қауіпті күшейтіп отыр. Ирактың сүнниттік және шииттік саяси топтардың арасы премьер-министр Нури әл-Маликтің шииттерден құралған үкіметі сүнниттік саясаткер, вице-президент Тарик әл-Хашемиді тұтқындауға бұйрық бергеннен кейін шиеленісіп кетті.
XS
SM
MD
LG