Accessibility links

Қазақстанға Ресейдің 100-дей бақылаушысы келді


Парламент үйінің алды. Астана, 2011 жыл.

Парламент үйінің алды. Астана, 2011 жыл.

Қазақстандағы кезектен тыс парламент сайлауы барысында Ресейдің жүзге жуық бақылаушысы жұмыс істейтін болады деп мәлімдеген делегация жетекшісі Владимир Пехтин Астанада ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұловпен кездесудің қорытындысы бойынша сенбі күні өткен баспасөз-мәлихатында.

«Біз постсоветтік кеңістіктегі сайлауларды үнемі бақылап отырамыз. Менің Қазақстанда сайлаудың әділ және дұрыс өтуін делегация жетекшісі ретінде бақылауға келуім бірінші рет емес»,- деп атап көрсеткен мемлекеттік дума депутаты.

Сонымен бірге Пехтин Қазақстан Орталық сайлау комиссиясының сайлауға дайындығына жоғары баға бере сөйлеген.

Пехтиннің айтуынша, Ресей делегациясы сайлаудың өтуі турасында ұсыныстары мен пікірлері жинақталған қорытынды құжатты 16 қаңтардағы брифингте жария етеді.
XS
SM
MD
LG