Accessibility links

Нигерияда жарылыс құрбандарының саны өсіп барады


Полиция бөлімшесі жарылыстан кейін өртеніп жатыр. Кано, 20 қаңтар, 2012 жыл.
Полиция бөлімшесі жарылыстан кейін өртеніп жатыр. Кано, 20 қаңтар, 2012 жыл.
Жаңалықтар агенттіктері дәрігерлердің мәліметтеріне сүйеніп, Нигерияның солтүстігіндегі Кано қаласындағы жарылыста кемінде 120 адам қаза болды деген хабарлар таратып жатыр.

Басты нысанаға полиция бөлімшелері мен паспорт- виза рәсімдеу орындарын, қауіпсіздік басқармасын алған террорлық актілер жұма күні кешке қарай болды.

Куәлардың сөздеріне қарағанда, барлығы 20 шақты жарылыс болып, қала орталығында қатты дүрбелең туған.

Шабуылдаушылар полициямен атысқан, қаза тапқандардың ішінде 10-нан астам полиция бар. Қазір қалада тәуліктік коменданттық сағат енгізілген.

Жарылыстар жауапкершілігін осыдан бұрын Нигерияның солтүстігінде христиан храмдарына шабуылдаған «Боко Харам» радикалды исламистік топ мойнына алды.
XS
SM
MD
LG